Кемелер құрамасы (Соединение кораблей) — ортақ әскери міндеттерді орындау мен белгілі бір мақсаттағы әскери дайындық үшін ортақ басшылыққа біріккен әскери кемелер тобы. Кемелер құрамасы бірыңғай кемелерден тұратын біртектес, әр түрлі кемелерден тұратын әртектес, сондай-ақ уакытша, және тұрақты болып бөлінеді. Мақсатына және әскери мүмкіндігіне карай ӘТФ Кемелер құрамасы тактикалық, жоғары тактикалық және оперативті-тактикалық құрамдарға бөлінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс