Сандық масштаб (Численный масштаб) — алымы бірге тең, бөлімі картада жергілікті жер сызығының ұзындығы қанша ретке кішірейгенін көрсететін бөлшек түріндегі масштаб. Мысалы, 1:50000 масштабты картада сызықтық өлшемдер 50000 ретке кішірейтілген, яғни картаның 1 сантиметрі жергілікті жерде 50000 см-ге, немесе 0,5 км-ге сәйкес келетінін білдіреді. Сандық масштабпен жұмыс істеу карта сызығының ұзындығынан жергілікті жер ұзындығына және керісінше ауысуға саяды. Бірнеше масштабты салыстырғанда, қайсысының бөлшек бөлімі кіші болса сол ірі масштабты болып шығады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс