Чельпек — құрамында аздаған мөлшерде қант қосылған татардың жұмыртқалы кондитер өнімі.
Құрамына 10 жұмыртқа, 100 г сүт немесе қаймақ, қамырға қосылатын 3 шай қасық қант және 100 г қамырды аунататын қант ұнтағы кіреді. Осы компоненттерге қатты ашымаған қамыр шығуға қажетті ұн қосылады. Бір шымшым ас содасын салады. Қамыр жаймаланады да диаметрі 20-25 см етіп шеңберлер кесіледі. Дайын болған дайындамалар терең табаларда майға қуырылады. Чельпек шеттерін ағаш таяқшалармен қысып отырады. Пісіп дайын болған, салқындатылған өнімнің сыртына қант ұнтағын себелейді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1 Дереккөздер