Астана футбол клубы — қазақстандық кәсіби футбол клубы. 2009 жылы Астана қаласында құрылды. 2013 жылдан бастап ЕУРО кубоктарға қатысады. Қазақстанның 7 дүркін чемпионы.

Астана клубы 2015-16 жылғы Еуро-кубоктар маусымында кипрлық АПОЕЛ-ды 2-1 жалпы есебімен жеңіп, Еуропа Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алған Қазақстан тарихындағы алғашқы клуб атанды.

Астана Арена стадионы клубтың негізгі ойын стадионы. 2023-24 жылғы маусым қорытындысы бойынша УЕФА клубтары тізімінде 136 орында.

Тарихы 2009 жылы "Алматы" мен "Мегаспорт" клубтарының қосылуымен пайда болды. Клубтың тұңғыш жаттықтырушысы Вахид Масудов болды. Одан кейін клубты Сергей Юран жаттықтырды. Алғашқы маусымда клуб сапында Егор Титов, Андрей Тихонов (кейін клубқа бапкер де болды) секілді ресейлік ардагер футболшылармен бірге қазақстандық Андрей Карпович, Мақсат Байжанов, Жамбыл Көкеев, Давид Лория, өзбекстандық Максим Шацких секілді футболшылар ойнады.

250px|нобай|Локомотив Астана логотипі (2009–2011)

2009 жылғы Қазақстан чемпионатының бірінші айналымын клуб Алматыда өткізді. Одан кейін клубтың базасы Астанада жаңадан салынған "Астана Арена" стадионына ауысты. Маусым қорытындысында клуб екінші орын алды. Бірақ жалақыны уақытында ала алмағандықтан Сергей Юранмен бірге бірнеше легионерлер клубтан кетті. Күміс жүлде иеленгеніне қарамастан клуб 2010/11 жылғы Еуропа лигасына УЕФА-ның "үш жыл ережесі" бойынша қатыса алмады (еурокубоктерге ұлттық біріншілікте кемінде үш маусым ойнаған клуб қана қатыса алады).

2014 жылғы маусым айында клуб бапкері боп болгариялық Станимир Стоилов тағайындалды. Осы маусымда тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды.

250px|нобай|2014–2019 жылдардағы логотип

2015 жылы 26 тамыз күні Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Кипрде жергілікті АПОЭЛ клубымен тең түсті (өз алаңында 1:0 есебімен ұтқан-ды). Екі ойын қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті. Қазақстан атынан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан алғашқы клуб атанды.

Топтық кезеңде "Галатасарай", "Атлетико Мадрид", "Бенфика" клубтарымен бір топқа түсті. Бұл жылы топтық турнирде жеңіс тойын тойлай алмады, алты кездесудің төртеуінде тең ойнап, төртінші орында қалды. Тек сырт алаңда "Бенфика" мен "Атлетикодан" ұтылды.

2016/17 жылғы маусымда тұңғыш рет УЕФА Еуропа Лигасының топтық турниріне жолдама алды. Бұл жолы да төртінші орында қалды.

2017/18 жылғы Еуропа Лигасында тұңғыш рет көктемгі плей-офф кезеңдеріне дейін жетіп, 1/16 финалда "Спортинг Лиссабоннан" ұтылды (үйде 1:3, сыртта 3:3). Осы матчтан соң бас бапкер Станимир Стойлов командадан кетіп, орнына Григорий Бабаян келді.

2019 жылдың басында команда тізгінін украиналық бапкер Роман Григорчук ұстады. Григорчуктың басқаруымен клуб тағы да Қазақстан чемпионы атанды және Еуропа лигасының топтық турниріне шықты. Бірақ Еуропа лигасының топтық турнирінде клуб бір рет қана жеңіске жетті ("Манчестер Юнайтедті" 2:1 есебімен ұтты), осы себеппен 2020 жылдың басында Григорчук қызметтен босады.

250px|нобай|Астана ФК жаңа логотипі (2020–2023)

2020 жылдың басында клуб тізгінін сол кездегі Қазақстан Ұлттық құрамасының бапкері Михал Билек ұстады. 2020/21 жылғы чемпиондар лигасында клуб бірінші раундта-ақ "Динамо Брест" клубынан 3-6 есебімен ұтылып, Еуропа лигасына түсіп қалды. Осы жеңілістен соң ұзамай Билек орнын босатты, оның орнына келген Пол Эшуорт та клубтың құлдырауын тоқтата алмады, чемпионатта "Қайратты" турнир кестесінде өздерінен ұзатып алды, Еуропа лигасында "Будучностан" ұтылып қалды да, соңғы алты жылда бірінші рет клуб еуротурнирлерде топтық кезеңге шыға алмады. Қыркүйек айының соңында енді тізгінді ресейлік маман Андрей Тихонов ұстады. Бірақ клуб 2020 жылғы чемпионатты үшінші орынмен қорытындылады.

Еуропадағы өнері Астана клубы УЕФА чемпиондар лигасындағы Ыстамбұлдың "Галатасарайымен" Астанада 2-2 тең түсіп алғашқы ұпайын алады. 2015-2016 жылғы маусымда өз алаңында ұтылып көрмеді: Премьер-лигадағы көрсеткіштер кестесі ЖылОрынОЖТҰДоптарБомбардирлар200926200654-24 Андрей Тихонов — 1220104321481041-28 Игорь Бугаев — 112011432167950-37 Драган Богавац — 122012526137634-24 Таңат Нөсербаев — 10201332195854-35 Таңат Нөсербаев, Дамир Кояшевич, Патрик Твумаси — 62014321810463-26 Фокси Кетевоама — 16201532207555-26 Таңат Нөсербаев — 11201632234547-21 Джордже Деспотович — 8201733254474-21 Жуниор Кабананга — 19201833245466-22 Марин Томасов — 14201933223867-28 Марин Томасов — 19202020113632-21 Пиерос Сотириу, Рунар Мар Сигурьонссон — 6202126176353-25 Марин Томасов — 17202226165565-24 Педру Эужениу — 18202326165536-24 Абат Айымбетов — 8202424144639-19 Джеффри Чинеду — 7202526176366:30Назми Грипши — 16

Еурокубоктар ЖарысОйындарЖТҰСДЖДҚ%Ұ УЕФА Чемпиондар Лигасы351211124053-1334 % УЕФА Еуропа Лигасы49189226778 -1136,36 % УЕФА Конференция Лигасы2686123040 -1030,77 %Барлығы110382646137171-3434,54 %

Матчтары Маусым Жарыс Раунд Қарсылас Үйде Сыртта Жалпы2013/14УЕФА Еуропа ЛигасыI КР Ботев0:10:50:6 2014/15УЕФА Еуропа ЛигасыI КРПюник2:04:16:1 II КРХапоэль Тель-Авив3:00:13:1 III КРАИК1:13:04:1 Плей-оффВильярреал0:30:40:7 2015/16УЕФА Чемпиондар ЛигасыII КРМарибор3:10:13:2 III КРХИК4:30:04:3 Плей-оффАПОЭЛ1:01:12:1 С тобыБенфика2:20:24 орын Атлетико Мадрид0:00:4Галатасарай2:21:12016/17УЕФА Чемпиондар ЛигасыII КРЖальгирис2:10:02:1 III КРСелтик1:11:22:3 УЕФА Еуропа ЛигасыПлей-оффБАТЭ2:02:24:2 В тобыОлимпиакос1:11:44 орын Янг Бойз0:00:3АПОЭЛ2:11:22017/18УЕФА Чемпиондар ЛигасыII КРСпартак Юрмала1:11:02:1 III КРЛегия3:10:13:2 Плей-оффСелтик4:30:54:8 УЕФА Еуропа ЛигасыА тобыМаккаби Тель-Авив4:01:02 орын Славия Прага1:11:0Вильярреал2:31:31/16Спортинг1:33:34:6 2018/19УЕФА Чемпиондар ЛигасыI КРСутьеска1:02:03:0 II КРМидтьюлланн2:10:02:1 III КРДинамо Загреб0:20:10:3 УЕФА Еуропа ЛигасыПлей-оффАПОЭЛ1:00:11:1 (2:1)К тобыДинамо Киев0:12:23 орын Ренн2:00:2Яблонец2:11:12019/20УЕФА Чемпиондар ЛигасыI КРЧФР Клуж1:01:32:3 УЕФА Еуропа ЛигасыII КРСанта-Колома4:10:04:1 III КРВаллетта5:14:09:1 Плей-оффБАТЭ3:00:23:2 L тобыМанчестер Юнайтед0:12:14 орын Партизан0:60:5АЗ1:21:42020/21УЕФА Чемпиондар ЛигасыI КР Динамо Брест—3:63:6 УЕФА Еуропа ЛигасыII КР Будучность0:1—0:1 2021/22УЕФА Конференция ЛигасыII КР Арис2:01:23:2 III КР КуПС3:41:14:5 2022/23УЕФА Конференция ЛигасыII КР Ракув0:10:50:6 2023/24УЕФА Чемпиондар ЛигасыI КР Динамо Тбилиси1:12:13:2 II КР Динамо Загреб0:20:40:6 УЕФА Еуропа ЛигасыIII КР Лудогорец2:11:53:6 УЕФА Конференция ЛигасыПлей-офф Партизани1:01:12:1 C тобы Динамо Загреб0:21:53 орын Виктория Пльзень1:20:3 Балкани 0:02:12024/25УЕФА Конференция ЛигасыII КР Милсами1:01:12:1 III КР Корвинул6:02:18:2 Плей-офф Бранн3:00:23:2 ГЭ Челси1:3- Витория Гимарайнш1:1- АПОЭЛ1:1- ТСЦ Бачка Топола1:0- Пафос0:1- Нью-Сейнтс0:2- Notes І КР: Бірінші квалификациялық раунды ІІ КР: Екінші квалификациялық раунды ІІІ КР: Үшінші квалификациялық раунды

Рейтинг Астана футбол клубының барлық жылдардағы рейтингі. Ақпарат УЕФА ресми сайтынан алынған:

МаусымОрынМаусымдағы ұпайБарлық ұпайлар 2013/14 403 0,250 0,250 2014/15 310 1,500 1,750 2015/16 137 8,000 9,750 2016/17 118 4,000 13,750 2017/18 67 8,000 21,750 2018/19 57 6,000 27,500 2019/20 56 3,000 29,000 2020/21 64 1,500 22,500 2021/22 80 2,000 20,500 2022/23 107 1,500 14,500 2023/24 136 3,000 11,000

Клубтың түстері және формасы

Логотип

Астана футбол клубының 2020 жылдан бастап қабылданған логотипінде екі жұлдыз – Астананың 6 чемпиондығының символы (елдегі әрбір үшінші чемпионатқа бір жұлдыз)Новый новый логотип 2020.

Стадион

нобай|Астана Арена Астана футбол клубы «Астана Арена» стадионында ойнайды. Сыйымдылығы 30 200 көрермен. Стадионның жылжымалы шатыры бар, ол 20 минутта ашылып-жабылады. Алаң жасанды, футболдан басқа концерттерді өткізуге бейімделген.

2020 жылы жөндеу жұмыстарына байланысты Астана маусымды 1500 орындық «Жас Қыран» стадионында бастауға мәжбүр болды. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты 2024 жылғы маусымда Астана қайтадан «Хан Тәңірі» стадионында өткізуге мәжбүрhttps://kpl.kz/kazfootball/astana-na-sezon-2024-pereezzhaet-v-almaty/.

Брендтер және демеушілік КезеңФорма жасаушыБас демеуші2009—2013 Adidas Қазақстан темір жолы2013—2020 Zott2020—2023 Самұрық-Қазына2023—2024 Nike2024—қазіргі уақытқа дейін Adidas

Басшылық 2024 жыл, қыркүйек https://fcastana.kz/leaderships ҚызметіЕсіміДиректорлар кеңесінің төрағасы Саян Жақсыгелдіұлы ХамитжановБас директор Ғазинұр Дамирұлы АлимовТехникалық директор Самат Қабирұлы СмақовСпорт директоры Игорь Владимирович Павлюк Қаржы директоры Любовь Валерьевна Крайнова

Бапкерлік құрам 2024 жыл, қыркүйек https://fcastana.kz/players ҚызметіЕсіміБас бапкер Григорий Константинович БабаянБас бапкер көмекшісі Александр Васильевич МоскаленкоБас бапкер көмекшісі Саид ИбраимовҚақпашылар бапкері Милан СтойковичДене шынықтыру бойынша жаттықтырушы Аркадий Иванович Бакулин Аналитика жөніндегі маман Амаль АязовБейнеоператор Павел Викторович Лаптев Бейнесараптама бойынша маман Ренат Тагиров Дәрігер Гутцалов Николай ПетровичФизиотерапевт Тьяго Де Оливейра Сылаушы Сергей Ларин Сылаушы Саят Берентаев Аға әкімші Вячеслав Бегунов Әкімші Андрейко Сергей Негізгі Құрам

№ҚақпашыларТуған күніАзаматтығы55Александр Заруцкий26.08.1993 Қазақстан74Мухаммеджан Сейсен14.02.1999 Қазақстан93Йосип Чондрич27.08.1993 Хорватия№ҚорғаушыларТуған күніАзаматтығы2Карло Бартолец20.04.1995 Хорватия3Бранимир Калаица01.06.1998 Хорватия4Марат Быстров19.06.1992 Қазақстан5Кипрас Кажуколовас20.11.2000 Литва16Ян Вороговский07.08.1996 Қазақстан15Абзал Бейсебеков30.11.1992 Қазақстан22Александр Марочкин11.07.1990 Қазақстан27Тимур Досмағамбетов01.05.1989 Қазақстан45Алекса Аманович24.10.1996 Солтүстік Македония№Жартылай қорғаушыларТуған күніАзаматтығы7Макс Эбонг26.08.1999 Беларусь8Исламбек Қуат12.01.1993 Қазақстан10Марин Томасов31.08.1987 Хорватия19Барнс Осей08.01.1995 Гана21Елхан Астанов21.05.2000 Қазақстан77Назми Грипши08.07.1997 Албания97Нұрәлі Жақсылық04.11.2004 Қазақстан№ШабуылшыларТуған күніАзаматтығы9Джеффри Чинеду01.10.1997 Нигерия11Ннамди Аханону22.02.2002 Нигерия28Усман Камара28.12.1998 Гвинея72Станислав Басманов24.06.2001 Қазақстан81Рамазан Кәрімов05.07.1997 Қазақстан

№12 жанкүйерлерге берілген.

Бас бапкерлер Астана футбол клубының барлық бапкерлері

Есімі Жұмыс істеген уақыты2009 Нұржан Нұрмаханов Нуржан2009—2010 Хольгер Фах2010—2011 Олег Валерьевич Протасов Станимир Стойлов2014—2018, ақпан Григорий Константинович Бабаян2018, наурыз-маусым, қыркүйек — қараша Роман Иосифович Григорчук2018, маусым-қыркүйек — қаңтар 2020 Михал Билекянварь 2020 — август 2020 Пол Эшуорттамыз 2020 — қазан 2020 Андрей Валерьевич Тихонов қазан 2020 — қараша 2021 Владимир Раимович Ежуров қараша 2021 Срджан Благоевич қараша 2021 — қыркүйек 2022 Григорий Константинович Бабаян қыркүйек 2022 — қазіргі уақытқа дейін Жетістіктері Қазақстан Премьер Лигасы Чемпион (7, рекорд): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2022 2-орын (5): 2009, 2013, 2021, 2023, 2024 3-орын (1): 2020

Футболдан Қазақстан Кубогы Жеңімпаз (3): 2010, 2012, 2016 Финалист: 2015

Футболдан Қазақстан Суперкубогы Жеңімпаз (6, рекорд): 2011, 2015, 2018, 2019, 2020, 2023

Футболдан Қазақстан Лига Кубогы Жеңімпаз (1): 2024

Рекордтар

Командалық рекордтар Ең ірі жеңістер: Астана - Корвинул 6:1, Астана - Атырау 7:0 Өз алаңында ең ірі жеңіс: Астана - Атырау 7:0 Сырт алаңда ең ірі жеңіс: Ертіс - Астана 1:6 Ең ірі жеңіліс: АЗ Алкмаар - Астана 6:0  Өз алаңында ең ірі жеңіліс: Астана - АЗ Алкмаар 0:5  Сырт алаңда ең ірі жеңіліс: АЗ Алкмаар - Астана 6:0

Футболшылар орнатқан рекордтар 2024 жыл, қыркүйек https://fcastana.kz/progresses Бір маусымдағы ең көп гол: 19 — Марин Томасов, 2019 жыл Бір маусымда чемпионатта ең көп гол: 12 — Андрей Валерьевич Тихонов, 2009 жыл Бір маусымда ең көп ассист: 19 — Андрей Валерьевич Тихонов, 2009 жыл Бір маусымда чемпионатта ең көп ассист: 17 — Андрей Валерьевич Тихонов, 2009 жыл Ең жас дебютант: Мади Жакипбаев — 15 жас, 11 ай, 21 күн (12.03.2016) Ең жас гол авторы: Абзал Бейсебеков — 16 жас, 5 ай, 10 күн (10.05.2009) Қақпашылардың құрғақ сериясы (маусымда): Ненад Эрич — 565 минут (29.04.12 — 16.06.12)