Қуан Есмағамбетов (1936 жылы туған, Маңғыстау ауданы Қызан ауылында) – еңбек ардагері.
Өмірбаяны
1955 – 1957 жылы Кеңес армиясының қатарында болған.
1963 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (қазіргі ҰАУ) бітірген соң, Маңғыстау ауданы «Казсельхозтехника» мекемесінде жөндеу шеберханасының меңгерушісі болып жұмыс жасаған.
1964 – 1968 жылы Еңбек ұжымшарының бас инженері болды.
1969 – 1970 жылы «Бозащы» кеңшарының еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инженері болды.
1971 – 1973 жылы «Маңғыстау» кеңшарының бас инженері болды.
1974 – 1977 жылы ПМК-1202 құрылыс мекемесінің бас механигі болды.
1978 – 1981 жылы Бейнеу ауданы коммуналдық шаруашылық мекемесінің бастығы болды.
1982 – 1984 жылы Бейнеу ауданы атқару комитетінің орынбасары, ауданы жоспарлау комитетінің төрағасы болды.
1984 – 1992 жылы Бейнеу ауданы атқару комитетінің 1-орынбасары болды.
1993 – 1997 жылы Бейнеу ауданында жер қатынастары комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 1997 жылдан зейнеткерлікке шыққан.
1997 - 2006 жылдары Бейнеу аудандық отан соғысы және еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасы.
2006 жылдан бастап Бейнеу ауданы әкімі жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарады.
Марапаттары
Қазақстан Республикасы «Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі. «Еңбектегі ерен ерлігі үшін» медалі. Маңғыстау облыстық партия комитеті мен атқару комитетінің мақтау грамотасы. Маңғыстау әкімінің мақтау грамотасы.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау ауданында туғандар