Дамир Қасымбекұлы Халықов (31 тамыз 1958, Қостанай) — әскери қайраткер, генерал-майор.
Ол Қазақстан Қарулы Күштерінің генерал-лейтенант Әмір Қасымбекұлы Халықовтың ағасы болып келеді.
Өмірбаяны 1973 жылы Жаркент орта мектебін, 1975 жылы Суворов әскери училищесін (Свердлов қаласында), 1979 жылы Челябинск жоғары танк училищесін, 1988 жылы Мәскеудегі Малиновский атындағы академияны бітірген. 1983-85 жылдары Ауғанстанда Орта Азия әскери округінің әскери бөлімінде рота командирі, штаб бастығы, 1988-91 жылдары ГДР-дағы (Шығыс Германия) КА әскери бөлімінде танк батальоны командирі, 1991-92 жылдары Солтүстік Кавказ әскери округінде полк командирінің орынбасары, 1992-94 жылдары ҚР ҚК әскери бөлімінің (Отар) полк командирі, 1994-97 жылдары осы бөлімде оқу орталығы бастығының орынбасары, әскери дайындық бөлімінің бастығы, 1997-99 жылдары ҚР ҚМ әскери дайындық департаментінің, бас штабының бастығы, 1999-2002 жылдары ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, Оңтүстік әскери округ (Тараз) қолбасшысының орынбасары болды. 2002 жылдан ҚР ҚМ жаяу әскерлер қолбасшысы. "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталған.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Қазақстан генерал-майорлары