Грек ұлттық - мәдени орталығы, Афинада өткен 28-жазғы олимпияда ойындары қарсаңында (2004 жылы 10 тамыз) «Понтийліктер» деген атпен ұйымдастырылған. Орталық Қызылорда қаласында орналасқан. Негізгі мақсаты – еліміздегі халықтар арасындағы достықты нығайту, жас ұрпақтарды интернационалдық тұрғысынан тәрбиелеу; қазір тұрып жатқан Отаны – Қазақстанды және сүю; жұртшылықты гректің ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру, грек тілінің ежелгі диалектісі – понтий тілін үйрету.
Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”,
Санат:Халықтар Санат:Тарих