Жалпақсай — Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл, Ұмтыл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде, Қаскелең өзенінің оң жағалауында, таудың әр түрлі астық тұқымдас (қияқ, қоңырбас, т.б.) шөптері өскен сұр, қоңыр топырақты қоңыржай ылғалды агроклиматгық белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен40664392 7669 174,6 2167 3816 176,1 2225 3853 173,2

Тарихы 1998 жылға дейін "Политотдел" селосы аталды. Іргесі 1931 жылы құс өсіру шаруашылығының құрылуына байланысты қаланды. Оның негізінде Жалпақсайда "Аққұс" ЖШС және шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, аурухана, дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Қарасай ауданы елді мекендері