Жансерке Жайнақұлы (1839-1912) Райымбек ауданы, Сүмбе өзенінің бойында дуниеге келген. Би,болыс. Тегі Албан руының Айт-сүйіндік аталығынан шыққан. 1866-1891 жылдар арасында Айт болыстығына 24 жыл басқарған (ОМА, 44-қор, 1-тізбе, 5514-іс). Әкесі Жайнақ бидің ерлікжолын, елдікдәстүрін жалғастырушы. Алматы облысы ,Райымбек ауданы ,Сүмбе өңіріне бір ауыл ұйғырларды көшіріп әкеліп, Жайылманың жазығы деген жерге егін салдырған, осылайша халықты отырықшылыққа баулыған. Ел басқарудағы кызметі үшін Жансеркеге подпоручик шені берілген. 3-дәрежелі әулие Станислав орденімен, ленталы Анна кіші алтын медалімен, 2,3,-дәрежелі шапанмен марапатталган (ОМА, 44-қор, 1-тізбе, 5514-іс, 3-қор; 1-тізбе, 86,196,616-істер). Өзі болыс болған өңірден алғашқылардың қатарында қажылыққа барған.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер