Жиделі — Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл, Жиделі ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 228 км жерде, Іле атырауының қамыс, құрақ өскен батпақты-шалғын топырақты шөлдік белдемінде орналасқан.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен16471249 1280 102,5 639 675 105,6 610 605 99,2

Тарихы Іргесі 1957 жылы "Жиделі" кеңшарын құруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан серіктестіктер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Балқаш ауданы елді мекендері