Радиокедергілер станциясы — радиотолқындарды сәулелендіру арқылы қарсыластың радиотехникалық құралдарына қасақана радиокедергі жасауға арналған арнайы радиоқондырғы.
Радиокедергілер станциясы қондырылған орнына қарай — жер үсті, кемелік, ұшақтық, т.б. кедергі жасау тәсіліне қарай — жауап беруші, көздеуші және бөгеуші радиокедергі станцияларына бөлінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс