Радиоэлектронды қорғаныш — радиоэлектронды құралдардың (РЭҚ) тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз ету шараларының және қарсыластың радиоэлектронды күрес енгізу және РЭҚ-тың бір-біріне әсері кезіндегі жүйелердің кешені; радиоэлектронды күрестің құрамдас бөлігі. Оның міндетіне қарсыластың электрондық қаруынан қорғану және өздігінен бағытталатын қаруын жою, өз РЭҚ-ын электрмагнитті сәйкестілікпен қамтамасыз ету кіреді. Бірқатар ұйымдастыру және техникалық іс-шараларды жүргізу барысында, сонымен қатар РЭҚ есебін білудің жоғары дәрежеде арнайы дайындығының негізінде жүзеге асады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс