Қарабөгет — Жетісу облысы Сарқан ауданындағы ауыл, Қарабөгет ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Сарқан қаласынан солтүстік-батысқа карай 53 км жерде, Лепсі өзенінің сол жағалауында, ши, жусан аралас, бетеге, көкпек, күйреуік, баялыш өскен сұр, сортанды қоңыр топырақты кұрғақ далада орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен17181274 1345 105,6 664 690 103,9 610 655 107,4
Тарихы Ауыл 1963 жылдан Қарабөгет аталады. 1963-1997 жылдары қызылша өсіретін "Қарабөгет" кеңшарынының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қарабөгетте және округ аумағындағы Еркін, Қорған ауылдарында 46 шаруа қожалығы құрылған.
Инфрақұрылымы Орта, бастауыш мектептер, фельдшер пункт, ауылдық дәрігерлік амбулатория бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы катынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Сарқан ауданы елді мекендері