Әдіһам Шілтерханов (24.7.1925 ж.т., Төрткүл а.) — жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 1961 жылы Алматы а. ш. институтын бітірген. 1943 ж. Төрткүл орта мектебінде мүғалім. 2-дүние жүзілік соғыс ардагері (1943-44). 1945-65 жылы Бәйдібек ауданында мұғалім, комсомол хатшысы, агроном, ауданы. партия нұсқаушысы, ұжымшардың бас агрономы, ұжымшар партия ұйымының хатшысы, ұжымшар төрағасы қызметтерін атқарған. 1969—81 жылы Отырар ауданындағы Арыс кеңшарының директоры, 1981—85 жылы Отырар ауданы. "Тұрмыс комбинатының" директоры."'Үш бәйтерек", "Ақжалдың ақыры", "С.Ерубаев", "Аталы сөздер" кітаптарының авторы. 2 томдық шығармалар жинағы жарық көрген (2001). ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі президиумының Құрмет грамотасымен, 1-дорежелі "Отан соғысы" орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Әдіһам Шілтерханов · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.