Перу (, , ), ресми атауы — Перу Республикасы ( , , ) — Оңтүстік Америка құрлығының батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 1,28 млн. км², астанасы — Лима қаласы. Халқы 33,3 млн-ға жуық (2021), 50%-ын — перуліктер (испан тілді метистер, креолдар), 49%-ын үндістер, 1%-ын жапондар мен америкалықтар құрайды. Ресми тіл есебінде испан және жергілікті үндістердің кечуа мен аймара тілдері қолданылады. Тұрғындарының 90%-ы — католиктер. Мемлекет басшысы — президент, үкімет басшысы — Министрлер Кеңесінің төрағасы. Жоғары заң шығарушы органы — бір палаталы демократиялық конгресс. Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 28 шілде (1821). Әкімш. жағынан 24 департамент пен 1 конституц. провинцияға бөлінеді. Ақша бірлігі — жаңа соль. Перу БҰҰ-ның (1945), Америка мемлекеттері ұйымының (1948) мүшесі.

География thumb|alt=A.|Мачу-Пикчу Перудің табиғаты әр алуан. Тынық мұхитының жағалауын бойлай тар, шөлді жазық — коста созылып жатыр. Шығысында Амазона өзені алабына жататын жазықта сельва орналасқан. Перудің орталығында негізгі тау тізбектері — Батыс, Орталық және Шығыс Кордильерадан құралатын Анд тауларының биік әрі құз жартасты бөлігі — сьерра орналасқан. Ең биік нүктесі — Уаскаран тауы (6768 м). Елдің оңтүстігінде вулкандар да бар, олардың ішіндегі ең биігі — Мисти (5822 м). Ең ірі өзен — Амазона (Мараньон, Путумайо, Укаяли сияқты салалары бар). Климаттық жағдайы үш түрлі. Жазықтардағы жылдық орташа температура 24 — 27С, жауын-шашын мөлш. 3000 мм-ге дейін жетеді. Жауын-шашын желтоқсан мен мамыр аралығында көп түседі. Анд тауларының шығыс беткейлерінде тропик. ормандар өседі. Мұнда биіктік 10 — 14 м-ге дейін жететін ағаш тәрізді қырыққұлақтар, зәулім бамбуктер, қына бұтасы, мүк пен орхидеялар кездеседі. Сельваны өсімдіктердің 20000-нан астам түрлері кездесетін ылғалды, шетсіз-шексіз экваторлық орман алып жатыр. Жан-жануарлардан ламалар, ягуарлар, маймылдар, құстардың көптеген түрлері кездеседі. Сельвада сонымен қатар жер бетіндегі ең үлкен жылан — анаконда да кездеседі. Жер қойнауында мыс, алтын, мұнай, күміс, темір кентасы сияқты кен байлықтары мол.

Тарих thumb|alt=A.|Теңiздегiсi Чили және Перудiң аралығында қорық,1879 Перуан жеріндегі адамдардың қатысуының ең алғашқы дәлелдері б.з.д. 9 ғасырда жазылған. Андалық қоғамдар ауыл шаруашылығына негізделген, суару және террастау сияқты техниканы қолдана отырып; түйе шаруашылығы және балық аулау маңызды болды. Ұйым өзара қарым-қатынасқа және қайта таратуға негізделген, себебі бұл қоғамдарда нарық немесе ақша туралы ұғым болмады.UNESCO Chavin (Archaeological Site) . Retrieved 27 шілде 2014 Перудағы ең байырғы белгілі комплексі, Норт Чико өркениеті, б.з. 3000-800 жылдар аралығында Тынық мұхит жағалауы бойында дамыды. Бұл ерте кезеңдерде Перудің барлық жағалаулары мен Андалық аймақтарының айналасында пайда болған археологиялық мәдениеттер болды. Перудың Тынық мұхит жағалауы бойында, 1000-нан 200-ге дейінгі кезеңде өсіп келе жатқан квинисникалық мәдениет ертерек Инкан мәдениетінің үлгісі болды.

Перу аумағы инктер өркениетінің орталығы ретінде белгілі. 1532 — 36 жылдары испан конкистадорлары инктер империясын бағындырды. 1543 жылы Оңтүстік Америкадағы барлық испан отарларын біріктірген Перу вице-корольдігі құрылды. 1821 жылы ұлт-азаттық қозғалыс нәтижесінде ел тәуелсіздігі жарияланды. 1825 жылы елден Боливия (Жоғары Перу) бөлініп шықты. Тынық мұхит соғысында (1879 — 83) Перу Боливия мен Чилиге қарсы соғысып, селитра кендеріне бай аумақтың бір бөлігінен айырылып қалды. 20 ғасырда Перу АҚШ капиталына тәуелді аймақтардың біріне айналды. Халық тұрмысы нашарлап, бірнеше рет әскери төңкеріс болып өтті. 1985 жылы ел тарихында тұңғыш рет еркін сайлау жүргізілді. 1990 жылы президент болып сайланған жапон иммигрантының ұлы А.Фухимори елде қатаң үнемдеу тәртібін енгізді, ал 1992 жылы парламентті таратып, конституцияның әрекет етуін уақытша тоқтатты.

Босату және отарлау кезеңі Atahualpa (сондай-ақ Atahuallpa), соңғы Сапа Инка император болды, ол өз әкесі Инктер Уаскер Capac қайтыс болған азаматтық соғыс оның егде інісі Huáscar жеңіп және оны орындайды. 1532 жылы желтоқсанда Франциско Пизарро бастаған конкистадорлар партиясы Каджамарка шайқасында Инка императоры Атахуалпаны жеңіп, басып алды. Испанның Инка империясының жаулауы Америкадағы испан колонизациясындағы ең маңызды науқандардың бірі болды. Жылдар алдын-ала барлау және әскери қақтығыстардан кейін, бұл онжылдықтар бойы күрескен, бірақ испандық жеңіске жетіп, Перу қаласындағы Лимадағы астанасы, Қала патшасы «. Инктер империясының жаулап алынуы американдық қарсылықты тоқтату үшін испан күштерінің жағдайында болғандай, барлық әмбебаптықта, сондай-ақ Амазонь бассейніне экспедицияларға себеп болды. 1572 жылы Вилькабамбадағы испандықтар Нео-Инка мемлекетін жойған кезде, соңғы Инка қарсылықтары басылған болатын.

Экономика thumb|alt=A.

Перу тау-кен және балық өнеркәсібі дамыған ауыл шаруашылықты ел. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары: мақта, қант құрағы, кофе, какао, күріш, картоп, жүгері. Ауыл шаруашылығында еңбекке жарамды халықтың 35%-ы жұмыс істейді. Өнеркәсіптің маңызды салалары — мұнай, қорғасын, мырыш, күміс (Перу күміс өндіруден дүние жүзінде 3-орын алады), мыс өндіру, автомобиль мен кеме жасау. Сыртқа мыс, мырыш, алтын, балық өнімдерін шығарады. Импортының негізін машиналар мен құрал-жабдықтар, минералдық ресурстар құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. 4390 АҚШ долл-на тең. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Аргентина, Колумбия, Бразилия, Жапония.

Перуліктер (өз атауы — перуано) — Перу мемлекетінің негізгі халқы. АҚШ, Испания, ГФР, сондай-ақ Латиналық Америка елдерінде тұрады. Жалпы саны 12,5 млн. адам (2003). Испан және кечуа тілдерінде сөйлейді. Көпшілігі католик дінін, аздаған бөлігі дәстүрлі діни наным-сенімдерді ұстанады. Перуліктердің этн. негізін инктер билеген кечуа тайпалар бірлестігі құрған. 1532 — 36 жылдары испан отаршылары жаулап алғаннан кейін Перуліктер испан, креол (испандықтар ұрпақтары), испан-үндіс тектес метистер мен үндістер секілді этносаралық топтарға бөлінді. 16 — 17 ғасырларда үндістер саны отарлық саясат әсерінен күрт азайды. 19 ғасырда бірте-бірте Перуліктер ұлт болып қалыптаса бастады. Кейбір ғалымдар Перуліктер деп Перуліктердің тек испан тілді тұрғындарын ғана айтады. Дәстүрлі мәдениетінде еур. ықпал басым. Баспаналарын саз кірпіштерден тұрғызып, төбесін жүгері сабақтарымен жабады. Теңіз жағалауында тұратын халық үйді күйдірілген кірпіштен тұрғызады. Үндістер пончо, күртеше секілді ұлттық киімдерді әлі күнге дейін киеді. Тағамдары, негізінен, жүгері мен картоптан дайындалады. Оған лама, қой және сиыр етін қосады. Сүйікті сусындары — жүгеріден дайындалған писко мен чича (сыраның бір түрі). Қолөнерінде үндістік және испандық дәстүрлер сақталған.

Дереккөздер

* Санат:БҰҰ мүше мемлекеттері