thumb|300px Мотоатқыштар әскері (Мотострелковые войска) — жүрдек сауытты машиналармен, автоматты атқыш қарулармен, танкіге қарсы қолданылатын күшті құралдармен және басқа да қаружарақпен жабдықталған құрлық әскерлерінің бір түрі. Мотоатқыштар әскері ядролық соққыдан соң шабуылды үдемелі қаркынмен дамытып әскердің басқа түрлерінің көмегімен қарсыластың адам күшін жоюға және қолға түсіруге, қарсыластың ұрыс техникасын алып, басып алынған жерді үстап тұруға қабілетті қуатты күш болып табылады. Қазіргі кездегі ұрыс жағдайында шапшаң ілгерілей алатын Мотоатқыштар әскері танк әскерлерімен тығыз байланыста болады. Мотоатқыштар әскері машиналарда, ал қажет болған жағдайда жүріп келе жатып та, сонан соң кайта машинаға мініп, танкілерге ілесіп те ұрыс қимылдарын жүргізе алады. Ұйымдастырылуы жағынан Мотоатқыштар әскері мотоатқыштар құрамалардан, бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс

de:Mechanisierte Infanterie en:Mechanized infantry fr:Infanterie mécanisée it:Fanteria meccanizzata ja:機械化歩兵 ru:Мотострелковые войска sv:Pansarskytte vi:Bộ binh cơ giới zh:装甲步兵