Естеу Нүсіпбеков (25.02.1933, Шығыс Түркістан, Іле аймағы, Текес ауданы-2006) - ақын.

1946— 1948 жж. Қүлжадағы Ұлттар гимназиясын бітірген. 1948—1951 жж. Білім жұрты мектебін бітірген. 1951 — 1961 жж. Үрімшіде мұғалімдік мектептерде мұғалім болған. Шыңжаң халық баспасында, Жазушылар одағының «Шұғыла» журналында жауапты қызметтер атқарған.

Өлеңдері «Жеңіс жырлары», «Тарту» атты ұжымдық жинақтарға енген. 1957 жылы оның 6 — 7-сыныптарға арналған «Әдебиеттік оқулық» атты екі кітабы «Халық» баспасынан, «Арман» атты өлеңдер жинағы «Жастар» баспасынан жарық көрген.

1956 жылы наурызда Пекинде өткен Бүкілқытайлық жас жазушылардың I съезіне қатысқан сондағы Лушин атындағы әдебиет институтының жеделдетілген курсын бітірген. 1966 жылы Қазақ ұлттық университетіің филология факультетін бітірген 1966 — 1975 жж. Нарынқол ауданындағы мектепте, аудандық газетте жауапты қызметтер атқарған, бөлім меңгерушісі болып істеген.

«Кешіккен сый» атты өлең-дастандар жинағы (2001, «Елорда») жарық көрген. «Өнер — өмір» ұжымдық жинағына (2003, «Атамұра») бір топ өлеңі енген.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:25 ақпанда туғандар Санат:1933 жылы туғандар Санат:Текес ауданында туғандар Санат:2006 жылы қайтыс болғандар Санат:Қүлжа Ұлттар гимназиясы түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қытай ақындары Санат:Шыңжаң ақындары Санат:Қазақ ақындары Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қытай қазақтары