Қатыстық сөздер — сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрамында қолданылатын, бір-біріне қатысты сілтеу, сұpay есімдіктері: кім — не, қайда — сонда, қанша — сонша, қандай — сондай, кімді — нені, қай жақ — сол жақ т. б. Осы сияқты жұп қатыстық сөздер шартты рай тұлғасымен байланысқан сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы-басыңқы компоненттерінде жарыса қолданылады. Мысалы: Қай жақтың атызы бұрын бітсе, сол жақ суды бұрын алады. (Ғ. Мүсірепов). Сұрақ-жауап түрінде айтылып, теңдестік, салыстырмалы сабақтас сөйлем құрамында да қолданылады. Мысалы: Олжабек қалай бұрылса, Жамал да солай бұрылады. (F.Мұстафин).Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.

«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

Дереккөздер

Санат:Лингвистика