Қолма-қол ақша айналысын реттеу - ақша" несие саясатын жүзеге асыру, қаржы жүйесін тұрақтандыру тәсілдерінің бірі. Ұлттық банк бекіткен "Қолма-қол ақша айналысын ұйымдастыру қағидалары туралы ережеге" сәйкес Қазақстан аумағында жүзеге асырылады, Ұлттық банкінің аумақтық мекемелері, есептесу-кассалық орталықтары, несие ұйымдары мен олардың филиалдары, ел аумағындағы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер оны орындауға міндетті.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Қаржы