thumb|right|Кеншілер Мәдениет Сарайы Кеншілер Мәдениет Сарайы – Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 32.
Кезеңі, авторы 1940-1952 жылдары, сәулетшілер – И. И. Бреннер, Я. А. Яноша.
Сипаты Кеншілердің мәдениет сарайы – Қарағанды қаласының басты көрікті орындарының бірі. Оның құрылысы үзілістермен салынды: 1940 жылы салынып басталған ғимарат толығымен пайдаланылуға 1952 жылы берілді. Ғимарат үш негізгі көлемнің симметриялық құрамы болып табылады. Орталық зал театр кешенінен тұрады – 1000 орындық көрермен залынан, вестибюльден, жоғарғы және төменгі фойеден, жоғарғы және төменгі дәліздерден. Сарайдың басты беті үш осьтік симметриялық композицияға ие. Сән маңдайша портигі алты мүсінмен қапталған: шахтердің, құрылысшының, қозы ұстаған қойшының, бауы бар ұжымшар мүшесінің, домбыралы ақынның және жауынгердің. Өкінішке орай, атақты Мәдениет Сарайының ұжымы туралы мұрағаттық деректер сақталмаған.
Қазіргі уақытта сарайда жалпы саны 585 қатысушысы бар 24 көркемөнер ұжымдары бар, олардың ішінде «Халық» атағымен төрт ұжым марапатталған: «Марианна» авторлық ән клубы, Қарағанды облысы композиторлар клубы, «Вдохновение» соғыс және еңбек ардагерлерінің хоры, «Шахтерский ансамбль танца» ұжымы.Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қарағанды сәулеті