Қылмыстық іс жүргізуде — қылмыс қаруы болды деп ойлауға негіз болса, немесе өзінде қылмыстың ізі сақталып қалса, немесе қылмыстық әрекеттің объектісі болса, сондай-ақ ақша мен өзге де бағалы заттар, қылмысты анықтауға, істің іс жүзіндегі мән-жайын белгілеуге, кінәлілерді табуға не айыпты жоққа шығаруға немесе жауаптылықты жеңілдетуге құрал болуы мүмкін басқа да заттар мен құжаттар не заттай дәлелдемелер. Азаматтық іс жүргізуде — істің маңызы үшін қатысы бар күйде, жағдайды анықтаудың құралы ретінде қолданылуы мүмкін заттар.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Дереккөздер
Санат:Құқық Санат:Заң