Текелі — Қазақстан Республикасы, Жетісу облысына бағыныстағы қала (1952 жылдан).
Географиялық орны Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км қашықтықта орналасқан. Аумағы 0,1 мың шаршы км (61,33 га). Қала Текелі өзенінің сол жағалауында, Жетісу Алатауының батыс сілемдері шатқалының бірінде, теңіз деңгейінен 950-1600 м биіктікте орналасқан.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен26062 29253 112,2 12292 13339 108,5 13770 15914 115,6
Текелі қаласының басшылары ? Әжіғұлов Қанатбек Бәзілжанұлы ? Бескемпіров Серікжан Исламұлы (27.09.2005 — 25.01.2012 лауазымынан босатылды);Алматинская Область. 27 сентября. КазИнформ /Камилла Омарова/ — Сегодня аким Алматинской области Серик Умбетов представил активу Панфиловского района нового руководителя района, передает корреспондент Казинформа.. Айтжанов Қаныбек Құлжабайұлы (25.01.2012 — 27.06.2013 лауазымынан босатылды)Каныбек НАЗНАЧЕНИЕ www.zhetysu-gov.kz, 25 января Распоряжением акима области А.Мусаханова на должность заместителя акима Алматинской области назначен Бигельдиев Махаббат Садуакасович. Қайнарбеков Талғат Қанатоұлы (27.06.2013 — 09.11.2016 лауазымынан босатылды)Кайнарбеков Талгат Канатович (персональная справка). Өнербаев Бақтияр Алтайұлы (09.11.2016 — 21.09.2020 отставкаға өтініш берді)Назначен новый аким Текели. Молдахметов Батыр Қаиркенұлы (21.09.2020 — 05.09.2022 лауазымынан босатылды)Батыр Молдахметов стал акимом Текели. Әділ Алмас Ғабдолұлы (05.09.2022)
Тарихы 1911 жылы іргесі қаланып, 1927 жылы кент дәрежесіне көтерілді. 1933 жылы инженер-геологтар М. Юдичев пен М. Қаділбековтің зерттеу-барлау жұмыстарының нәтижесінде Текелі өзенінің оң жағалауынан қорғасын, мырыш, күміс, кадмий, германий кендері табылды. 1937 жылы Текелі қорғасын-мырыш басқармасының құрылысы басталып, 1942 жылы қорғасын-мырыш комбинаты құрылды. 1939 жылы емхана салынды, 1941 жылы бірінші орта мектеп ашылды. 1942 жылы Жоңғар тауларының етегінде Текелі қорғасын-мырыш комбинаты және оның жанында жұмыс поселкісі құрылды. Кәсіпорын Текелі, Көксу және Тұйық кен орындарын өндірді. Екінші дүние жүзілік соғыс уақытында соғыс кезіндегі атылған оқтың әрбір сегізіншісі осы комбинатта жасалды. https://voxpopuli.kz/malenkaya-rodina-tekeli-13303/
Климаты Текелінің климаты континенттік, қысы суық, жазы жылы. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы −11-13С, шілденікі — 20-22С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 650-1900 мм. Қаланың маңында, Қора өзеңінің шатқалында биіктігі 90 метр болатын Бұрқанбұлақ атты сарқырама бар.
Табиғаты Қалаға жақын әсем тау шатқалдарында Жетісубақа тісі (тритон), марал, таутеке, елік, қоңыр аю, борсық, күзен, суыр, түлкі, қасқыр, тиін, сілеусін, қоян, жабайы шошқа, т.б. аңдар кездеседі. Сондай-ақ, мұнда шырша, қайың, терек, тал, көктерек, қарағай, алма ағашы, т.б. жалпақ жапырақты орман қалыптасқан. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том«Жетісу энциклопедиясы». «Арыс» баспасы. Алматы. 2004
Қаланың көрнекі орындары Текелі қаласында бірнеше көрнекі жерлер бар, атап айтқанда:
Дінмұхамед Қонаев атындағы ұзындығы 38 км болатын көше. Ресми түрде Қазақстанның ең ұзын көшесі болып саналады. «Келіншектас», "Будда тасы - Қазақстан аумағындағы көне будда ескерткіші. "Бұрханбұлақ" - Қазақстанның ең үлкен су сарқырамасы, Текелі қаласынан жоғары Қора өзені шатқалының етегінде орналасқан. Үш өзен қосылатын қаланың орталығында орналасқан Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш-тас (1941—1945 жж.)
Сілтемелер Текелі қаласы
Дереккөздер
Санат:Текелі