Талдықорған жоғары политехникалық колледжі - Жетісу облысы, Талдықорған қаласында орналасқан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орны. Колледж 1935 жылы құрылған және Жетісу өңіріндегі көне техникалық оқу орындарының бірі болып саналады.https://thpc.edu.kz/?utm_source

Тарихы Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің тарихы 1935 жылдан бастау алады. Алғашында оқу орны ауыл шаруашылығын механикаландыру мектебі ретінде құрылған. Кейін оқу орны бірнеше рет қайта ұйымдастырылып, техникалық мамандар даярлайтын көпсалалы колледжге айналды.kolledzhi.kz сайтындағы Талдықорған жоғары политехникалық сайты парақшасы

1990-жылдары колледждің материалдық-техникалық базасы кеңейтіліп, құрылыс және өндірістік бағыттағы бөлімдер ашылды. Қазіргі уақытта оқу орны IT, құрылыс, телекоммуникация, дизайн, энергетика және көлік салалары бойынша мамандар даярлайды.

Талдықорған индрустриялық-педагогика техникум негізінде 1993 жылы ұйымдастырылды. Осы жылы Талдықорған политехникалық колледжі құрамына қаладағы құрылыс колледжі қосылды. Колледжге казipгi кезде ауыл шаруашылығын механикаландыру, ауыл шаруашылығын автоматтандыру және электрлендіру, ауылдық мектептер мен кәсіптік-техникалық училищелерінде еңбек және сызу сабақтарын жүргізу, электронды есептеу техникасын жөндеу, пайдалану және оған техикалық қызмет көрсету салалары бойынша мамандар даярланады. Колледждің оқу кешені 8 га жерді алып жатыр, онда: оқу лаборатория ғимараты, оқу өндірістік кешен, қоғамдық-тұрмыстық блок және 2 жатақхана, денсаулық пункт, музей т.б жұмыс істейді. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Қызметі Колледж техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлайды. Оқу орнында заманауи зертханалар, IT-кабинеттер және өндірістік шеберханалар жұмыс істейді. Колледж халықаралық білім беру жобаларына қатысып, NCCER халықаралық аккредитациясын алған.

2024 жылы Жетісу облысындағы жаңа мамандықтарды енгізу бағдарламасы аясында колледжде робототехника, графикалық дизайн және BIM технологиялары бағыттары дамытылды. Оқу орны Оңтүстік Корея, АҚШ және Қытайдың білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнатқан.Жетісу облысындағы колледждерде 14 жаңа мамандық ашылды. Qazaqstan телеарнасы сайты, 05.09.2025.

Мамандықтары Колледжде келесі бағыттар бойынша білім беріледі:

бағдарламалық қамтамасыз ету; ақпараттық жүйелер; есептеу техникасы және ақпараттық желілер; радиотехника және телекоммуникация; ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану; автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету; электрмеханикалық жабдықтарды пайдалану; графикалық және мультимедиялық дизайн; дене шынықтыру және спорт.https://vipusknik.kz/public/kz/institutions/college/gkkp-taldykorganskiy-politekhnicheskiy-kolledzh

Дереккөздер

Санат:Талдықорған колледждері Санат:Қазақстан колледждері Санат:Жетісу облысы колледждері

Сілтемелер

https://thpc.edu.kz/ сайты vipuspknik.kz сайтындағы Талдықорған жоғары политехникалық колледжі беті