Сауда аталымдары/ Сауда терминдеріҚаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 сату шарттарының стандарттық түсіндірмелері. Олар халықаралық саудада пысықталған және сыртқы сауда шарттарын жасасу кезінде қолданылады. Мына аталымдар неғұрлым кең таралған: Ф A С — жөнелтетін бекетке жеткізу және көліктің қасына орналастыру шығыны тауарлардың құнына кіретін шарт; Ф 0 Б — жүкті жөнелтетін бекеттегі көлікке жеткізу сәтіне дейінгі барлық көлік шығыны мен басқа да шығын құнға кіретін шарт; С И Ф — тауарды алушының кеден бекетіне дейін тасымалдауға және сақтандыруға байланысты жұмсаған шығыны тауардың құнына кіретін шарт; К А Ф — СИФ сияқты, бірақ сақтандырусыз, оны сатып алушы ресімдейді; Ф Р A Н К О — сатушы жүкті өз қаражаты есебінен келісімшартта көрсетілген бекетке жеткізетін, ал мұнда сатып алушы оны қабылдап, кейінгі шығындардың бәрін өзі көтеретін шарт.

Дереккөздер

Санат:Экономика Санат:Қаржы