нобай| Қылмыстық қоғамдастық құру — қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыс; ауыр және ерекше ауыр қылмыс жасау үшін қоғамдастық кұруды, тең жағдайда осындай қоғамдастыққа басшылық етуді білдіретін қылмыстық жауапқа тартылатын әрекет.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
Қолданылатын жаза Қылмыстық кодекстің 263-бабымен реттеледі. Мысалы, қылмыстық қоғамдастыққа қатысқаны үшін 8 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген. Ал қылмыстық қоғамдастықты құрғаны не оған басшылық еткені үшін, сол сияқты ұйымдасқан топтардың қылмыстық әрекеттерiн үйлестiргені үшін 12 жылдан 15 жылға дейін түрме мерзімі күтеді. Барлық жағдайда мүлікті тәркілеу шарасы қолданылады.
Дереккөздер
Санат:Қылмыстық құқық