Аудиторлар палатасы - бейкоммерциялық, тәуелсіз, кәсіптік, өзін-өзі басқаратын, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым. Аудиторлар палатасы заңды тұлға болып табылады және ол өз мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданатын жарғы негізінде әрекет етеді. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен елдің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Қаржы