Екі мағынада қолданылады: Платформалардың платформалық тыспен көмкерілген бөліктері; қалқандарға қарсы мағынада қолданылады. Кейбір ғалымдар тақта терминімен жас платформаларды ғана атауға бейім. "Литосфералық тақталар тектоникасы" деп аталатын біршама прогрессиялық тұжырымдама тұрғысынан, тақта атауы литосфераның ірі-ірі бөліктеріне беріледі. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, өз дербестігін сақтаған әрбір мұндай литосфералық тақта көлбеу бағытта ұдайы жылжып отырады деп есептеледі; созылу белдемдерінен ("рифт" деп аталатын құрылымдар, яғни "орталық-мұхиттық жоталардың" орта тұстары) сығылу яки жанышталу белдемдеріне қарай (аралдық иіңдер өңірі, орогендік белдеулер, т.с.с.) бағытталған осы қозғалыстар литосфералық тақталардың жиектеріне (бір-бірімен тоқайласқан екі литосфералық тақталардың шекараларына) сәйкес келетін аймақтардың тектоникалық белсенділігін (жерсілкінулер, жанартаулар әрекеті, т.с.с.) қамтамасыз етеді, ал бұл тақталардың ішкі өңірлері өздерінің тектоникалық салғырттығын сақтайды деп шамаланады.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0

Дереккөздер

Санат:Геология Санат:Мұнай және газ Санат:Мұнай және газ геологиясы Санат:Терминология