Алтынемел – Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс сілемдерінің бірі, Іле мен Қаратал өзендері аралығындағы суайрық жота. Ол шығыстағы Қояндытау жотасын бөліп тұратын Үйгентас асуынан Іле аңғарындағы Шолақ тауына дейін (Алтынемел асуы) доғаша иіліп жатыр.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Ұзындығы 65 км, ені 6 – 15 км, ең биік жері 2931 м. Жота палеозойдың қатпарлы шөгінділерінен түзілген. Жотаның солтүстік беткейі тік, оңтүстігі көлбеу келген.
Өсімдігі Топырақ пен өсімдік жамылғысы биіктік белдеу бойынша орналасқан. Етегінде әр түрлі бидайық тұқымдас шөптер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жетісу Алатауы Санат:Кербұлақ ауданы таулары