Бексұлтан Ағадайұлы (1796-1887) — Аякөз сыртқы округінің аға сұлтаны.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х Аса бай, көреген, саясаткер адам болған.
Алакөл өңірін билеген Ағадай төре ұрпақтарының бірі. Ағадай төре қайтыс болғаннан кейін ел билігі Бексұлтан төреге тиеді. 1846 жылы әйгілі Ойжайлау кеңесіне қатысып, Жетісу қазақтарының атынан Санкт-Петербургке барғандардың бірі. Бексұлтан төре туралы поляк саяхатшысы А.Янушкевичтің күнделігінде жазылған. 1993 жылы Бексұлтан төреге ескерткіш қойылып, айналасына ағаштар егілді.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:1796 жылы туғандар Санат:1887 жылы қайтыс болғандар Санат:Аякөз сыртқы округінің аға сұлтандары Санат:Қазақ байлары