Дерек: хабар-ошар. Әдетте, бұрыннан көпшілікке белгілі, таныс нәрсе туралы мағлұматқа, жаңалыққа, т.б. қатысты қолданылады; ғылымдағы ізденіс нәтижесі, табылған мәлімет, оқиғалар дәйегі, ғылым дәлел; логика мен ғылым методологиясындағы эмпиряилық білімдердің түйіні, айрықша ой қорыту бітімі; ЭЕМ-дерде сақталатын мәлімет. Сондай-ақ, арнаулы әдебиетте «заңи дерек» деген тіркесте кездеседі. Ол құқықтық қарым-қатынастардың пайда болып, өзгеруіне не тоқтатылуына себепші жағдаятты бейнелейді. Заңи деректер оқиғаларға, яғни адам еркінен тыс мән-жайларға (зілзала, кесімді мерзімнің өтіп кетуіне, т.б.) және іс-әрекеттерге, яғни адамның өз ырқымен, көбінесе заңсыз жасалатын мән-жайларға (қылмысқа, тәртіп бұзушылыққа, т.б.) бөлінеді.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер</span>
Санат:Дерекқор Санат:Ақпараттану Санат:Ғылым