нобай| Көліктегі қылмыстар (ағыл. transport crimes) - Қылмыстық заңнама бойынша - қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс түрлерінің бірі.

Оларға мыналар жатады:

темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу;

көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы;

жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу;

көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралдарын жүргізуге жіберу;

көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру;

көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу;

пойызды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату;

көлікте қолданылатын ережелерді бұзу;

магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу;

труба құбырларын закқмдау немесе қирату;

кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі;

ұшудың халықаралық ережелерін бұзу.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Тағы қараңыз Жол жүрісі қауіпсіздігі Жол белгілері Дереккөздер

Санат:Қылмыстық құқық