нобай|150px Бас — адам не жануарлар денесінің кеудеден жоғарғы не алдыңғы бөлігі.
Тірі ағзалардың эволюциялық даму жолында бастың денеден жекеленуі моллюскілерде, әсіресе буынаяқтыларда кездесе бастайды. Алғашқы хордалыларда, қабықшалыларда және бассүйексіздерде бас болмайды. Омыртқалы жануарлардың басында миы, сезу, көру, есіту, ауыз, жұтқыншақ органдары орналасады. Дөңгелек ауыздылар мен балықтарда бас омыртқа жотасымен қозғалмай жалғасады. Бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілердің басы қозғалмалы келеді. Қазақ Энциклопедиясы Бас бөліктері Бет Тері және шаштар Құлақтар Мойын Бас сүйек
Дереккөздер
Санат:Бас Санат:Анатомия