Макроподтар () – балықтар. Денесі 7-9 см, сопақтау. Арқа, құрсақ, құйрық асты жүзбеқанаттары аталықтарында ұзын, құйрық жүзбеқанаттары перде тәрізді. Денесі алқызыл, қоңыр, көк-жасыл көлденең жолақтарымен боялған. Шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік Азияның таяз тұщы суларында 3 түрі таралған. Безгек масаларының дернәсілдерімен қоректенеді.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Алабұғатәрізділер