Мешика (науатль: ; жекеше Мекшикатль) Мехико алқабын мекен еткен науатльтілді халық. Олар ортағасырдағы Үштік одақты, көпшілікке Ацтек империясы атымен танымал одақты басқарған. Мешикалар 1325 жылы Текскоко көлінде орналасқан Теночтитлан қаласының негізін қалаған. Теночтитлан тұрғындары арасынан шыққан диссиденттер бөлініп, Тлателолько қаласын құрған. 1521 жылы мешикалардың одағы Испан конкистадорлары мен жау жергілікті тайпалардың, атап өткенде Тлакскальтектер, бірлескен соғысы әсерін ыдырайды. Мешикалар Испан империяның құрамында 300 жылдан астам болады. 1821 жылы Мексиканың тәуелсіздік соғысы нәтижесінде егемендік алды. оңға|301x301 нүкте|"Бір гүл" рәсімі кезіндегі ән айту мен билеу рәсімі Бүгінде мешика мен ацтектердің басқа тайпалары Мексиканың науа халқы құрамына кіреді. 1810 жылдан бері мешикаларға қатысты Ацтектер термині қолдана бастады. Ғылыми тұрғыдан мешикалар ацтектер құрамындағы басым топтардың бірі.
Атауы Мексика (Mēxihco наутль) атауы мешика сөзінен туынды атау. Басында бұл ұғым қазіргі Мехико орнында болған, өзара байланысқан елдімекендерге қатысты қолданылған. Теночтитланды мекен еткен мешикаларды теночка деп атаған. Теночтитланды салушыларды түрлі атаулармен ацтека, мешика немесе теночка деп те атаған.
Тілі Мешикалардың көп көршілері секілді олар да науатль тілінде сөйлеген. Ацтек империясының таралуымен қатар науатль көршілес басқа да өңірлерде лингва франкаға айналған.Susan T. Evans, "Postclassic Cultures of Mesoamerica." In Encyclopedia of Archaeology, edited by Deborah M. Pearsall. Elsevier Science & Technology, 2008. XVI ғасырда жазбашасы латын қарпінде қалыптасқан, сол кездегі қолданыста болған нұсқасы классикалық науатль деп аталды. 2020 жылғы деректерге сай науатльде 1.6 млн мешика және басқа науа халықтары сөйлейді.
Дереккөздер
Санат:Ацтектер