Тарихи геология - Жер қыртысының алғаш қалыптасуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы даму заңдылықтары мен тарихын саралайтын геологиялық ғылым тарауы. Тарихи геологияның басты-басты міндеттері:

тау жыныстарының қалыптасу ретін анықтау; шөгінді (тұнба) жыныстар қалыптасуының физикалық-географиялық жағдайларын қалыпқа келтіру; тектоникалық қозғалыстар тарихын және тектоникалық құрылымдар дамуының ерекшеліктерін зерттеу т.с.с.Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000 жыл. — 328 бет.

Дереккөздер

Санат:Тарихи геология