Аренжап, Әренжан (19 ғ-да өмір сүрген, Батыс Қазақстан облысы) халық композиторы, күйші. Ол күйдің музыкалық үні мен көркемдік құрылымын жетілдіруге елеулі үлес қосты. Аренжаптың осы ерекшелігі оның «Шалқыма» күйінде ерекше байқалады. Осы күйдің негізінде Е.Г.Брусиловскийдің «Дударай» операсындағы «Балықшылар хоры», Б.Байқадамовтың «Капелла хоры», В.В.Великановтың эстрадалық оркестр үшін жазған би музыкасы жасалды. «Шалқыма» күйі алғаш рет Қазақстан халық артисі Л.Мұхитовтың орындауымен күйтабаққа жазылды. Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Аренжап · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.