Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша жеке адамға қарсы қылмыстарға мыналар жатады: адам өлтіру; жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі; жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру; қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру; абайсызда кісі өлтіру; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу; денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру; денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру; азаптау; денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру; қажетті корғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру; қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру; денсаулыққа абайсызда зиян келтіру; корқыту;Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274- адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу; медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы; клиникалық сынақтар жүргізудің және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолданудың тәртібін бұзу; соз ауруын жұқтыру; адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы; заңсыз аборт жасау; науқасқа көмек көрсетпеу; қауіпті жағдайда қалдыру; зорлау; нәпсікұмарлық сипатындағы күш қолдану; он алтыға жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер; жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету; жас балаларды азғындату; адамды ұрлау; бас бостандығынан заңсыз айыру; психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру; адамды саудаға салу; жала жабу; қорлау.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-96 Дереккөздер
Санат:Құқық Санат:Заң