Айбатыр Самиғоллаұлы Сейтақ — ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (2001), Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Қазақстан Президенті стипендиясының иегері (1999).

1984 жылы М.Горький атындағы (қазіргі Жәңгір хан) орта мектепті, 1989 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтының (қазіргі М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті) филология факультетін бітірген. 2006 жылы Орталық-Азия университетін тәмамдап, заңгер мамандығын алды.https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1670

Еңбек өтілі 1989 - 1991 жылы Орал педагогикалық институтын бітірген соң, еңбек жолын Батыс Қазақстан облыстық телерадиокомитетінде бастап, режиссердің ассистенті, облыстық радио редакторы қызметін атқарды 1991-1997 жылы Қостанай облыстық телерадиокомпаниясының арнайы шақыруымен Қостанай қаласына қоныс аударып, теледидар редакторы болып жұмыс істеді. компаниясында қызмет істеді. 1997-2000 жылы Астанада «Сарыарқа» журналы Бас редакторы Н.Ораздың шақыруымен Ақмола қаласына көшіп келіп, аталған журналдың бас редакторының орынбасары болды. 1998-2000 жж. «Жас Алаш» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі, Қазақ ақпарат агенттігінің тілшісі қызметтерін атқарды. 2000 жылы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппаратына Баспасөз қызметінің консультанты болып қызметке кірісті. 2012-2016 жж. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Редакциялау және аударма бөлімінің сектор меңгерушісі болды. 2016 жылдың 18 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде қызмет істейді.

Шығармашылығы 1993 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 2001 жылдан – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 1998 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхана жанынан құрылған «Жас қалам» клубының алғашқы жетекшісі және ұйымдастырушысы.

Өлең жазуды 7 сыныпта бастаған. 1988 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті өткізген «Жыр-жарыс» бәйгесінің жүлдегері, 1990 жылы Жұбан Молдағалиевтің 70 жылдығына арналған мүшайраның жеңімпазы. 1993 жылы Бұқар жыраудың 325 жылдығындағы мүшайрада үшінші орынды иеленген. 1996 және 2000 жылдары «Сорос-Қазақстан» халықаралық қоры ұйымдастырған ақындар байқауының лауреаты. 1999 жылы Қазақстан Жазушылар одағының ұсынуымен ҚР Президентінің стипендиясына ие болды.

Өлендері бірнеше жыр топтамаларына енген. «Ғұмырнама» – алғашқы жыр жинағы (1997 ж. «Жазушы» баспасы).Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8 Екінші кітабы – «Ай мен ару» («Жазушы» баспасы, 2004 ж.)

Марапаттары «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» /2005ж./ «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» /2006ж./ «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» /2020ж./ «Ерен еңбегі үшін» /2021ж./ медалдарымен марапатталған. Қоғамдық «Бауыржан Момышұлы» Намыс медалінің иегері.

Дереккөздер

Санат:Ақындар