Сағидолла Кәрімов (12.6.1941 жылы туған, Атырау облысы Индер ауданы) – медицина ғылымының докторы (1983).
1964 Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген. 1964 жылдан Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер болды. 1975 жылдан лаборатория меңгерушісі қызметін атқарады. Оның ғылыми-зерттеу еңбектері вирустар экологиясына арналған. 2 авторлық куәлік алған.Қазақ Энциклопедиясы, ҚР ғылымы
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар