Жаңакүш — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км жерде, Елек өзенінің сол жағалық аңғарында, бетеге, боз, жусан т.б. әр түрлі шөптесін өсімдіктер өскен шалғыңды-қоңыр, карбонатты қызғылт-қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 597 адам (293 ер адам және 304 әйел адам) болса, 2009 жылы 363 адамды (192 ер адам және 171 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 115 адамды (60 ер адам және 55 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі 1975 жылы ауданы мал бордақылау бірлестігі ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Жаңакүште және округтегі Қызылкөл, Ақсоғым, Ұрысай, Үлгілі және Шоқтыбай ауылдарында «Шапағат», «Қызылкөл» серіктестіктері мен бірнеше шаруа қожалығы құрылған.
Инфрақұрылымы 2 орта, орталау, бастауыш мектептер, мәдениет үйі, 3 клуб, дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшер-акушерлік және 2 дәрігерлік пункт бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Шыңғырлау ауданы елді мекендері