Көшім, Қабыршақты – Жайық өзенінің оң тармағы.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Зеленов, Ақжайық, Жаңақала аудандары жері арқылы өтеді. Облыс жеріндегі ұзындығы 334 км.

Бастауы Көшім ауылы тұсында Жайық өзенінен басталып, Қисыққамыс тұсында Бірқазан көліне құяды.

Гидрологиясы Оң жағасы тік жар, сол жағасы көбіне жайпақ. Қар, жаңбыр, жер асты суымен толығады. Қаракөз, табан, сазан, шортан, т.б. балықтар мекендейді. Суы бау-бақша суаруға, аңғары мал жайылымына пайдаланылады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Ақжайық ауданы өзендері Санат:Бәйтерек ауданы өзендері Санат:Жаңақала ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері