Қанатқали Рахметов (1926 ж.т., Сырым ауданы, Жымпиты ауылы) - әуесқой композитор, актер. 1964 жылдан ән жазып, күй шығарады. Көп жылдар жергілікті халық театрында режиссер, актер болған. Бүкілодақтық халық шығармашылық фестивальдарының лауреаты. «Тың толқыны» күйі, «Келші, жансерігім», «Егіншілер жыры», т.б. әндері бар.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер