Сергей Михайлович Верменичев (16 қараша 1939 жылы, Алматы қаласында туған) – биология ғылымдарының докторы (1977 жылы), профессор (1996 жылы).
Алматы мемлекеттік медицина институтын (1962 жылы, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында аға зертханашы, кіші, аға ғылыми қызметкер (1963–81 жылдары), 1981 жылдан зертхана меңгерушісі болды. 1993 жылдан экспериментті химия-терапия зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды. Оның негізгі ғылыми жұмыстары онкология саласына арналған. Верменичев 242 ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том
Дереккөздер
Санат:1939 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан биологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Онкологтар