Нұрманбетұлы Жолдыкей (1874, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы-14.10.1949, Қарағанды облысыНұра ауданы) - халық ақыны. Жолдыкей өлеңді жазып та, ауызға да шығарған. Өлеңдері Өлеңдері "Советтік Қарағанды" газетінде жарияланып тұрған. 1943 ж. Ғ.Мүсірепов Жолдыкейден оның "Домбыра сазы" толғауын жазып алған.Жолдыкейдің "Әбуге", "Айтбайға", "Боздақтың баласына", "Құланөтпес", "Туған жер" өлендері, "Омір" толғауы, "Төр көз бен мойнақ" мысал өлеңі бар. Жолдыкей Көшен, Ғабдіман, Қайып ақындармен айтыскан. Жолдыкей айтыстың жазба түрін де дамытқан ақын. 1947 жылы "Советтік Қарағанды" газетінде Ғабдіманмен жазба айтысына түседі.Жолдыкей "Алпамыс", "Ер Тарғын", "Қыз Жібек" жырларын жатқа айтып, ел ішіне таратушылардың бірі.

Шығармасы Сұлутерек. Алматы 1996.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер