Тұрысбек Сәукетаев (14.11.1950 жылы туған, Алтай өлкесі) - жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1970). 1975 - 1989 жылдары "Қазақфильм" киностудиясы аударма фильмдер бірлестігінде қызмет атқарған. 1989 - 1999 жылдары "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. Шығармалары Сәукетаев "Ұстаз" деп аталатын алғашкы өлеңі 1965 жылы Күршім ауданы "Коммунистік еңбек" газетінде жарияланған. "Сүткенже" (1981), "Айлы түн еді" (1983), "Қайыңдар, аппақ қайыңдар" (1985), "Көлеңкелер патшалығы" (1998) сынды прозалық кітаптары мен "Ай караңғысы", "Желқайық" романдары жарық көрді. С. Ги де Мопасанның новеллаларын, Голда Мерейдің "Менің өмірім" атты ғұмырнамалық повесін, екі жүзге тарта сценарийлерді тәржімалаған. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты (1999).Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Санат:1950 жылы туғандар Санат:Қазақстан жазушылары