"Сеңгір" аңызы - тарихи аңыз. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай, Зайсан өңіріндегі жер атауына байланысты туындаған. Ел аузында сакталған аңызда қалмақ батыры Шаған 80 күнге созылған атақты Шорға ұрысында қолға түсіп қазақ батыры Дәулетбайдың одан не тілегі бар екенін сүрағанда қалмақ батыры осы жолы босатуын, ұрыс даласында өлуге мүмкіндік беруін өтінгендігі айтылады. Содан бұл тілек орындалады да, Шаған өгізге мініп қашады. Дәулетбай батыр көз көрімге дейін Шағанды қудырмайды. Қуғыншыл ар біраздан кейін шығады. Шаған қалың нуға кіргеннен кейін қуғыншылар тосылып қалыпты да, біріне-бірі "сен кір, жоқ, сен кір" деп жүрексініпті. Осыдан бұл жер Сеңгір аталып кеткен екен деседі. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының фольклорлық экспедициясы бұл аңызды Тарбағатай қазақтарынан жазып алған. Аңыздың бірнеше нұсқасы бар. Қолжазба нұсқасы аталған оқу орнының қазақ әдебиеті кафедрасының арнайы қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Санат:Аңыздар