Әбілда Әмірханұлы Әлімбаев(1935 жылы туған, Қарағанды облысы) – экономика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1988). Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққанАлтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014.

Қарағанды политехнологикалық институтын (1958, қазіргі Қарағанды мемлекеттік технологикалық университеті) бітірген. Қарағанды шахталарында инженер, «Қарағандыкөмір» ғылыми-зертеу институтында сектор меңгерушісі, Қарағанды мемлекеттік университетінде доцент, кафедра меңгерушісі, 1981 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Экономика институты Қарағанды бөлімшесінің (1986) меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғылыми еңбектері негізінен ғылым-техника прогрестің әлеуметтік-экономика тиімділігін арттыруға арналған. Әлімбаев 72 ғылыми еңбектің, 8 монографияның авторы.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Сыртқы сілтемелер Әбілда Әмірханұлы Научная библиотека Карагандинского государственного университета им.Е.А.Букетова

Дереккөздер

Санат:1935 жылы туғандар Санат:Қарағанды облысында туғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар