Орынбай Аймағамбетов (1923, Қарағанды облысы, Тельман ауданы) - ақын. Қарағанды шахталарында жұмыс істеген. Қарағанды мұғалімдер институтында оқыған. Ұлы Отан соғысына (1941-45) қатысқан. Қазіргі Бұқар жырау ауданы түлегі. Қарағанды шахталарында, облыстық радио, «Орталық Қазақстан» газетінде жұмыс істеген.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 Өлеңдері 1940 жылдан жергілікті газеттерде жариялана бастады. "Шахтер шамы", "Туған калам", "Қарқаралы", "Ильичпен сырласу" тәрізді өлең-жырлары туған жер, оның еңбекшіл адамдарына арналған. Мақсұт Байсейітов, Кәртай Ермекбаев, Бақыт Мұстафин сияқты үзеңгілес әріптестерімен айтысып жүлдегер атанды. 1969 ж. халық ақындарының Республикалық ғылыми шығармалар конференциясына қатысты.“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:1923 жылы туғандар Санат:Ақындар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қарағанды облысы тұлғалары