Бисенғали Ғизатов 10.5.1925 жылы туған, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек (Батыс Қазақстан облысы)) - музыкатанушы, өнертану кандидаты (1966), Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1991).

Алматы консерваториясын (А. Жұбанов пен Л. Хамиди, В.П. Дерновадан дәріс алған) бітірген (1953). 1953 - 57 жылдары Алматы музыкалық училищесінде қызмет етті. 1957 -63 жылдары "Жазушы" баспасында музыкалық редактор болды. 1966-91 жылдары Әдебиет және өнер институтында музыка бөлімінде кіші, аға ғылыми қызметкер; 1991 жылдан респупликалы дәрежедегі зейнеткер.

Шығармалары: Домбыра үйрену мектебі (Л.Хамидимен бірге), Алматы, 1983, 3-6асылым; Латиф Хамиди, Алматы, 1966; Академик Ахмет Жубанов, Алматы, 1972; Мектепте ән-музыка сабағы, Алматы, 1994, 3-басылым; Абай и музыка, Алматы, 1995.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:1925 жылы туғандар Санат:Батыс Қазақстан облысында туғандар Санат:Қазақстан музыкатанушылары Санат:Қазақстан өнертанушылары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері