Оңғарбаева Дәлила Қарақбайқызы (1906, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Кеңөлке мекені, Томар ауылы — 1932, Кемерово, Ресей) — қазақ актрисасы, әнші.

Ауылда ескіше оқып, хат таныған. Жас кезінен көптеген халық әндерін орындап, өлеңдер жазған. 1926—1928 жылдары қазіргі Қазақ академиялық драма театры құрамында алғашқы актрисалардың бірі болып, театр сахнасында қойылған спектакльдерге қатысты. Оның ойнаған рөлдерінің қатарында: Еңлік, Ақбала (М. Әуезовтің Еңлік — Кебек және Қарагөз пьесаларында), Бикеш (Ж. Шаниннің Арқалық батыр пьесасында) және басқалары болды.

Актрисаға отты қызулық, сахналық шынайылық және драмалық бояулардың молдығы тән болды. 1927 жылы Мәскеу қаласында өткен этнографиялық концертке қатысып, қазақ халық әндерін орындады.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дәлила Оңғарбаева қазақ театр өнерінің қалыптасу кезеңінде сахнаға шыққан алғашқы қазақ әйелдерінің бірі саналады.

Дереккөздер

Санат:Актрисалар Санат:Әншілер Санат:1906 жылы туғандар Санат:1932 жылы қайтыс болғандар